Біздің оқырмандарымызға тағы да бір қызықты тестті ұсынамыз. Ол үшін алдымен, суретке мұқият қараңыз.
Қозғалысты байқадыңыз ба? Байқасаңыз фигура қалай қарай қозғалып тұр?
Анықтасаңыз, енді төменнен жауаптарын оқыңыз.
Арлы-берлі жылжып тұр: Бұл – өміріңіздегі үйлесімділіктің, жайлылықтың белгісі. Көңіл күйіңіз қалыпты, өмірге оң көзбен қарайсыз, ойыңыз да позитивті. Осы қалпыңыздан таймаңыз!
Қозғалыссыз тұр:Бұл – сіздің өміріңіздегі тоқыраудың белгісі деуге болады. Алға талпынбай, бір орында тұрып қалғаныңызды айғақтайды. Демек өміріңізге жаңалық енгізуге тырысқаныңыз жөн.
Солға қарай қозғалып барады: Сіз өз күш-қайратыңызға сенімдісіз, қуатыңыз да тасып тұр. Алдыңызға қойған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыз өте көп. Батыл қадам жасап, оларды іске асыруға асығыңыз дер едік.
Оңға қарай қозғалып барады: Дәл қазір сіз қандай да бір уайым, үреймен жүрген сияқтысыз?! Әлдебір ой мазалап, бойыңызды сенімсіздік билеген. Қорқынышпен күресіп, алға ұмтылғаныңыз дұрыс.
Жоғары қарай қозғалып барады: Өміріңізде қандай да бір өзгеріс жасауға ұмтылатыныңыздың көрінісі. Сәттілік тілейміз!
Төмен қарай қозғалып барады: Бұл – шаршаудың, енжарлықтың, жалқаулықтың белгісі. Күш-қуатыңыздан айырылып, дел-сал күйде жүргендейсіз бе? Уақыт өлтірмей, өзіңізді қолға алыңыз!
Тест жауаптарымен келісесіз бе?