Қазақ әр нәрсенің “арғы тегін”, “шыққан тегін” білуге үлкен мән берген. Мысалы, бүгінгі ұрпақ өз басында туындаған көптеген аурулардың, агрессия мен депрессияның, тұйықтық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін, рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің себептерін түсіне алмайды. Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ойланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бойындағы барлық қиыншылықтар мен қарғыстар, күнәлар мен дерттер ұрпаққа айналып келіп соғуда.
Еуропалық мәдениетте тек туралы түсінік жоқ. Оларда тек қана отбасы (фемили) ұғымы бар. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін және оның артықшылықтарын ұрпаққа үйрету үшін осы тек мәселесімен айналысып, оны «Тектану» деп атап, iлiм калыптасты.
Қарапайым ғана мысал келтірелік. Егер сіздің атаңыз 18 жасында соғысқа қатысқан болса, сізде дәл сол 18 бен 20 жас аралығында ерекше бір агрессия болады. Адамдарға деген кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды. Оның себебі тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезімдерді кешіргендігі.
Атасы 45 жасында өмірден өтсе, 45 жас немересі үшін сынамалы кезең. Бұл немересі де сол жасында өледі деген сөз емес, сол жаста немере басында белгілі бір қиындықтар туады деуге болады. Біз жұмыс жасайтын көптеген отбасыларда осы жағдайларды байқадық. Қазақтарда «мүшел жас» деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының басына жағдай туған жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиындықтар тудырады. Ал өз тегінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан кешірген жағдаяттарды жетік білген адам бұлардың алдын алуға қабілетті келеді.
Мысалы үшін тағы бір дүние айтайық, «Психологиялық бедеулік» деген ұғым бар. Ананың немесе ер адамның тәні сау, бірақ өмірге ұрпақ алып келе алмайды. Қалайша? Мұның тамыры тереңде жатыр. Арғы ата-аналарда өмірге келген сәбидің ерте шетінеуі, кейінгі ұрпақ бойында бейсаналы түрде үрей туғызып жүрген болуы мүмкін. Ұрпақ оны түсіне алмайды. Былайша еш қорқыныш жоқ секілді, тіпті, олар ата-бабалар өмірінде болған ол қасіреттен бейхабар болуы да мүмкін. Бірақ қан бойынша келетін үрей болады. Сол үрей мен қорқыныш ананың өмірге бала алып келуін тежеп отырады. Осы үшін де ата-тек пен оның тарихына бей-жай қарамауға шақырар едім.
Insta: numerolog.88
Фото: pixabay.com