Өміріңізді өзгерту үшін тау қопарудың немесе жақсы нәрсені бастау үшін дүйсенбіні күтудің керегі жоқ. Небәрі, қарапайым әдеттерді қолға алу арқылы күнделікті өміріңізді энергия мен махаббатқа толы өткізе аласыз. Ал көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуы, бүкіл өміріңізге әсер етеді. Жаңа әдетті қалыптастырудағы ең басты қағида – тұрақтылық.
2022 жылы бойыңызға сіңіретін пайдалы әдеттер тізімін ұсынамыз:
- Позитивті энергиямен толығу үшін, таңертең күліп ояну;
- Күнде таңертең әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрып, өзіңізге көңіл бөліңіз;
- Таңертең бір стакан су ішіңіз;
- Таңертең контрастты душ қабылдаңыз;
- Үйден әдеттегіден 15 минутқа ерте шығыңыз: кешігулер аз болса, стресс те аз болады;
- Лифт пен экскалатордан бас тартыңыз, баспалдақпен жүру – пайдалы;
- Кеудеңізді көтеріп, арқаңызды тік ұстаңыз;
- Көбірек тұрыңыз және жүріңіз: тіпті офиста әр 45 минут сайын орныңыздан тұрып, жүріп қайтыңыз;
- Жұмыста Pomodoro техникасын қолданыңыз. Бұл дегеніміз 25 минут зейінді басқа ешқайда аудармай жұмыс жасап, 5 минут алаңсыз демалу;
- Кешке кем дегенде жарты сағат серуендеңіз;
- Ас мәзірінен фаст-фуд пен басқа да зиянды тамақтарды алып тастаңыз;
- Күніне кем дегенде 2 литр таза және газсыз су ішіңіз;
- Күніне 25 бет жақсы кітап оқыңыз;
- Басқа адамдарға комплемент айтып үйреніңіз;
- Күніне 10 шетелдік сөз жаттаңыз;
- Шоппингқа аш және көңілсіз болып бармаңыз, әйтпесе қажетсіз сауда жасап қоюыңыз мүмкін;
- Өзге адамдар үшін ойланудың қажеті жоқ; жай ғана қысқа әңгімелесудің өзі біраз нәрсені шешеді;
- Сынаудан, өсек айтудан және өкпеңізді төгуден аулақ болыңыз;
- Аптасына кем дегенде бір рет ата-анаңыз бен алыс достарыңызға хабарласыңыз;
- Жақсы музыка тыңдаңыз, әсіресе үй жинап жүргенде жақсы музыка тыңдаңыз;
- Жаңа нәрсеге ашық болыңыз. Әр аптаға жаңа эксперимент жоспарлаңыз: жаңа кино, ерекше хобби, басқа елдің асханасынан тағам.
- Қаржылай сауаттылыққа үйреніңіз;
- Күн сайын кешке 15 минутыңызды келесі күнді жоспарлауға арнаңыз;
- Келесі күні киетін киіміңізді алдын-ала дайындаңыз;
- Күнделік арнап күндіз жеткен жетістіктеріңізді, шүкірлік жазуды ұмытпаңыз;
- Бетіңіздегі макияжды толықтай жумай жатпаңыз;
- Ұйықтар алдында бөлмедегі ауаны тазартыңыз. Салқын бөлмеде ұйықтаңыз;
- Ұйқыңызды қандырыңыз. Ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырыңыз;
- Әлеуметтік желіде отыру уақытыңызды азайтыңыз;
- Жағымсыз жаңалықтар мен негативті пікірлерді, видеоларды көруді доғарыңыз.